Ғарышкер ғарышқа жасаған сапарын еске алды және өзімен бірге бірнеше зат алып кеткенін айтты.
«Ғарышқа Құран сүресін, топырақ ала кеттім...»: Тоқтар Әубәкіров 35 жылдан кейін құпияны айтты (видео)
Фото: YouTube
184
оқылды

Қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров Qazaqstan телеарнасындағы «Қайырлы кеш!» бағдарламасында қонақ болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Ғарышкер ғарышқа жасаған сапарын еске алды және өзімен бірге бірнеше зат алып кеткенін айтты.

Ғаламат ғарышқа Тоқтар Әубәкіров ешкімге айтпай, көрсетпей өзімен бірге Құранның сүресін, бір уыс топырақ, жұбайы мен балаларының суретін ала кеткен.

«Шыны керек, өзіммен бірге бірнеше зат алып кеттім. Құран сүресін, Қорқыт атаның жатқан жерінен топырақ және ешкімге айтпай жұбайымның картасын алдым. Келген соң «Таня, сен де ғарышта болдың» дедім. «Қалай?» деп таңғалды. Сонда «Сенің картаңда мөр басылған» деп айттым», - дейді ғарышкер.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.