Республика көлемінде кітапханаларда, мәдениет ошақтарында және білім беру ұйымдарында қаламгерлермен кездесулер, кітап таныстырылымдары, әдеби басқосулар мен пікір алмасу алаңдары өткізіледі, – деп хабарлайды Аikyn.kz.
Атап айтқанда, Абай облысында қаламгер Әсет Мырзақасыммен кездесу ұйымдастырылып, Ақмола облысында Алмас Темірбайдың «Жекебатыр» кітабы көпшілікке таныстырылады. Алматы облысында ақын Аршын Нұрбақытпен кездесу аясында «Айқасқа» жинағы жөнінде пікір алмасу жоспарланған. Сонымен қатар Абай Құнанбайұлы, Ғабит Мүсірепов, Қабдеш Жұмаділов, Шөмішбай Сариевтің шығармашылық мұрасына арналған әдеби кештер өтеді.
Оқырманға отандық әдеби туындылар, өлкетану еңбектері және әр өңірдің өткені мен мәдени келбетін баяндайтын шығармалар ұсынылады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.
