Әлеуметтік желі қолданушылары актерды қуанышымен құттықтап, ақ тілегін жеткізді.
Актер Нүркен Иманқұлов қуанышты жаңалығын жеткізді (видео)
142
оқылды

Актер Нүркен Иманқұлов әлеуметтік желіде отбасындағы қуанышты жаңалықты жеткізді, – деп жазды Aikyn.kz.

Өнер иесі ұлды болғанын айтып, сүйінші сұрады. Ол әлеуметтік желіде жұбайын перзентханадан шығарып алған сәттегі видеоны жариялады.

«Әбдез Алан Нұркенұлы! Алан: жолбарыстың күшігі, баһадүр, қайратты, жүректі, қорғаушы деген мағынада! Менде қандай да бір маңызды күн болса, осылай жаңбыр жауып тұрады. Бұл да бір қуаныш! Баршаңызға рақмет!» - деді ол.

Әлеуметтік желі қолданушылары актерды қуанышымен құттықтап, ақ тілегін жеткізді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.