Биыл мамыр айында Қазақстанда төрт бірдей мемлекеттік мереке бар, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Мамыр айында бес күндік жұмыс аптасындағылар 14 күн, ал алты күндік жұмыс аптасындағылар 12 күн демалады.
1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні. Бұл күн жұмаға сәйкес келеді. Бес күндік жұмыс аптасындағылар үш күн демалады – 1, 2 және 3 мамыр.
7 мамыр – Отан қорғаушылар күні. Бұл күн бейсенбіге сәйкес келеді. Осыған байланысты бір күн демалыс беріледі.
9 мамыр – Жеңіс күні. Бұл күн сенбіге сәйкес келеді. Демалыс күні дүйсенбіге ауыстырылады. Сондықтан 9, 10 және 11 мамыр күндері (сенбі, жексенбі, дүйсенбі) үш күн қатарынан демалыс болады.
Сонымен қатар 27 мамырда Құрбан айт мерекесіне орай қосымша демалыс беріледі. Бұл мереке сәрсенбіге сәйкес келіп тұр.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
