Тележүргізуші әлеуметтік желіде жантебірентер жазба жариялады.
«Жаның тыныш болсын, досым...»: Ләйлә Сұлтанқызы әнші Батырхан Шүкеновтің анасымен кездесті
696
оқылды

Тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы марқұм әнші Батырхан Шүкеновтің анасымен кездесті, – деп жазды Aikyn.kz. 

Тележүргізуші әлеуметтік желіде жантебірентер жазба жариялады. Айтуынша, біраз уақыттан бері марқұм әншінің анасының жағдайын біліп, батасын алуды ойлап жүрген.

«Әр адамның жүрегінде бір орындалмаған, орындалмай жүрген арманы болады ғой. Мен де бірнеше жылдан бері Батырдың анасының жағдайын сұрамадым деп іштей ауырлап жүр едім. Оның үстіне  жоба басталар алдын, өзім қатты батасын алғым келді. Қашанда әдемі, ұқыпты, шашы жинақы жүретін Дилара анамызды көріп, ерекше қуандым. Бір жағынан жүрегім елжіреп, көзіме жас та келді… Бүгінде қолында келіні бар, жағдайы жасалған. Көп рақмет ол кісілерге. Бірақ ананың жүрегі бәрібір бөлек қой… Батырды дүниеге әкелген ананың тағдырын, сезімін, сағынышын жүрекпен сезгендеймін. Батыр досым, жаның тыныш болсын», – деді тележүргізуші.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.