«Қазақстан темір жолы» АҚ мәліметінше, 2025 жылдың қыркүйегінен 2026 жылдың наурызына дейінгі аралықта астық пен ұн экспорты (астық баламасында) 9,9 млн тоннаны құрады, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Өткен жылдың осы кезеңінде бұл көрсеткіш 8,7 млн тонна болған. Бұл сыртқы нарықтарға жеткізілім көлемінің артқанын көрсетеді. Мәселен, Өзбекстан еліне астық экспорты 15%-ға өсіп, 7,3 млн тоннадан 8,4 млн тоннаға жетті. Қырғызстан бағытына 1,7 есеге ұлғайып, 233 мың тоннадан 393 мың тоннаға артты.
Сонымен қатар Ауғанстан бағыты бойынша экспорт 35%-ға өсіп, 1,1 млн тоннадан 1,5 млн тоннаға дейін жетті. Түрікменстан еліне жөнелтілімдер де 1,5 есеге көбейіп, 105 мың тоннадан 156 мың тоннаға ұлғайды.
Жалпы, экспорт көлемінің артуы шетелдік нарықтарда қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімдеріне сұраныстың тұрақты екенін көрсетеді. Сонымен қатар логистиканы жетілдіру мен экспорт географиясын кеңейту бағытындағы жұмыстардың нәтижелі жүзеге асып жатқанының айқын дәлелі.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
