«Орион» кемесінде тағы да дәретхана істен шықты. DW мәліметінше, су ағызу жүйесіндегі құбырда мұз қатып қалған болуы мүмкін.
Мәселені шешу үшін NASA мамандары кемені Күнге сол құбыр орналасқан бөлігімен бұрып, мұзды ерітуге тырысқан. Бұл әдіс ішінара нәтиже беріп, жиналған сұйық қалдықтың бір бөлігін ғарыш кеңістігіне шығаруға мүмкіндік берген.
Қазіргі уақытта экипажға дәретхананы тек қатты қалдықтар үшін пайдалану ұсынылған, ал сұйықтық арнайы ыдыстарға жиналады. Бұған дейін де кемедегі вакуумды дәретхана істен шығып, кейін жөнделген еді.
