Екінші матчта Қазақстан Комор аралдары құрамасын 1:0 есебімен жеңді. Ойынның 4-минутында Рамазан Оразов қарсылас қақпасын дәл көздеп, кездесудегі жалғыз голдың авторы атанды.
Қазақстан құрамасы FIFA Series турнирінде екінші рет жеңіске жетті
100
оқылды

Қазақстан ұлттық құрамасы Астанада өтіп жатқан FIFA Series халықаралық турнирінде қатарынан екі матчта жеңіске жетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Алғашқы ойында қазақстандықтар Намибия құрамасын 2:0 есебімен ұтты. Бұл кездесуде голдарды Ян Вороговский мен Әлібек Қасым соқты.

Екінші матчта Қазақстан Комор аралдары құрамасын 1:0 есебімен жеңді. Ойынның 4-минутында Рамазан Оразов қарсылас қақпасын дәл көздеп, кездесудегі жалғыз голдың авторы атанды.

Сонымен қатар турнирге Кувейт құрамасы да қатысуға тиіс болған. Бірақ Таяу Шығыстағы әскери жағдайға байланысты команда жарыстан бас тартты.

Бұл жеңістер Қазақстан құрамасына FIFA рейтингінде қосымша ұпай алуға мүмкіндік береді. Қазіргі таңда Комор аралдары 107-орында, Қазақстан 114-орында, ал Намибия 118-орында тұр.

FIFA Series — 2024 жылы алғаш рет ұйымдастырылған жаңа халықаралық турнир. Жарыс «төрттік финал» форматында өтіп, қатысушы елдердің бірінің алаңында ұйымдастырылады. Алғашқы маусымда 50 құрама 13 топқа бөлініп бақ сынауда.

Әзірге турнирдің келесі кезеңдері қарастырылмаған. Жеңімпаздарға символикалық кубоктар табысталады. Жобаның басты мақсаты — әртүрлі конфедерация құрамалары арасында жолдастық кездесулер өткізу және командалардың FIFA рейтингіндегі позициясын жақсартуға мүмкіндік беру.

Айта кеткен жөн, өзге топтарда Австралия, Әзербайжан, Болгария, Финляндия, Пуэрто-Рико, Руанда, Аруба және Өзбекстан құрамалары жеңіске жетті.