«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ төрағасы Асхат Хасеновтің айтуынша, бүгінде геологиялық барлау жұмыстарына көбіне шетел технологиялары қолданылады.
Үкімет басшысы геологиялық барлау жұмысында отандық технологияны қолдану керегін айтты
118
оқылды

Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов шетелдік шешімдерге тәуелділікті азайту қажеттігін атап өтіп, геологиялық барлау жұмыстарына отандық технологияларды қолдану жөніндегі жұмысты күшейтуді тапсырды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

«Осы бағытта белсенді жұмыс жүргізу керек, отандық технологияларға көбірек қаражат жұмсау керек», –  деп атап өтті Олжас Бектенов.

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ төрағасы Асхат Хасеновтің айтуынша, бүгінде геологиялық барлау жұмыстарына көбіне шетел технологиялары қолданылады. Сонымен қатар салаға заманауи шешімдер біртіндеп енгізілуде. Нақты айтқанда, сейсмикалық барлауда жарылыссыз әдістер қолданылуда, бұл Қаражанбас кен орнында жұмыс тиімділігін 50%-ға арттыруға мүмкіндік берді.

Бұл ретте, отандық ғылыми-технологиялық база дамып келеді. Ғылыми-зерттеу университеттерімен бірлесіп, тыңайтқыштарды қорғауға арналған күкірт негізіндегі полимерді әзірлеу жобасы жүзеге асырылуда. Бұл технологияны енгізу азоттың жоғалуын азайтады және оны пайдалану тиімділігін арттырады деп күтілуде.