Ғылым және жоғары білім министрлігіне ұзақмерзімді инвестиция тартудың жаңа тетіктерін әзірлеу тапсырылды.
Олжас Бектенов: Ғылымға ұзақмерзімді инвестиция тарту қажет
112
оқылды

Олжас Бектенов отандық инновацияларды енгізгені үшін бизнесті көтермелеу шараларына қатысты ғылымға ұзақмерзімді инвестиция салуды ынталандыру қажет екенін айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов инновациялық жобаларды жүзеге асыру үшін ұзақмерзімді инвестиция тарту мәселесін көтерді. Ғылым және жоғары білім министрлігіне ұзақмерзімді инвестиция тартудың жаңа тетіктерін әзірлеу тапсырылды.

«Инвестиция тартуды ынталандыру керек. Қазіргі уақытта инновацияға қомақты қаржы саламын деп жүрген кәсіпкерлер көп деп айта алмаймыз. Мұндай үрдіс Қазақстанда ғана емес, басқа мемлекеттерде де солай. Сондықтан бизнесті ынталандыру тетіктері болуы керек», –  деп атап өтті Олжас Бектенов.

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек қолданыстағы тәсілдер, оның ішінде коммерцияландыруға арналған гранттар, ҒЗТКЖ үшін салықтық преференциялар, эндаумент-қорлар және басқа да тетіктер туралы баяндады.