Қазақстанда қатерлі ісікке қарсы отандық DVC препараты пациенттерге клиникалық сынақтан өткізіле бастады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты kaz.tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Бұл туралы Үкімет отырысында Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлімдеді.
Министрдің айтуынша, препарат Назарбаев университеті базасындағы «Астана ұлттық зертханасында» әзірленіп жатыр.
«Былтыр адамдарға қатысты клиникалық сынақ кезеңі басталды. Кейін клиникалық база ауыстырылып, қазір сынақтар Астанадағы онкологиялық орталықта аяқталу сатысында. Сонымен қатар өңірлік онкологиялық орталықтар, оның ішінде Қарағанды қаласындағы орталық та іске қосылды», – деді С. Нұрбек.
Оның сөзінше, препаратты шығару мерзімінің кешігуі заңнамалық талаптардың қатаң сақталуымен байланысты.