Біріккен Ұлттар Ұйымының бөлінуді бақылау жөніндегі миссиясы (UNDOF) аясында бітімгерлік тапсырмаларды атқарып жүрген біздің әскери қызметшілер қазақ халқының бай мәдени дәстүрлері мен ұлттық құндылықтарын әлемге танытуға да белсенді үлес қосып келеді.
Қазақстандық бітімгерлер Голан жоталарында ұлттық дәстүрлерді дәріптеді
Фото: gov.kz
122
оқылды

Соның бір дәлелі ретінде қазақстандық бітімгерлер Ұлыстың ұлы күніне орай спорттық көпшілік іс-шаралар ұйымдастырып, қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын таныстырды, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Ұлттық тағамдарға, оның ішінде наурызкөжеге толы мерекелік дастарқан достық пен өзара құрмет рәуішінде өтті.

Сондай-ақ  Үндістан, Непал, Уругвай және Фиджи елдерінің бітімгерлік контингенттері қатысқан спорттық жарыстар да тартысты өрбіді. Кедергілер жолағымен эстафета, арқан тарту, қол күресі, кір тасын көтеру сияқты сайыстарда біздің жігіттер жоғары деңгейдегі дене дайындығы мен ұйымшылдығын көрсетіп, бірінші орынға ие болды.

UNDOF миссиясының ұлттық контингенттері қатысқан бұл іс-шара бітімгерлер арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтуға ықпал етті.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM арнасынан табасыз.