Айтуынша, келінін құдағиының өтініші бойынша ұзатқан.
Жазира Байырбекова келінін өзі ұзатып, сынға ұшырады
758
оқылды

Әнші Жазира Байырбекова келінін өзі ұзатып, жаңа шаңырағына әкелгенін жазды, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Бұл туралы әнші өзінің Instagram парақшасында жазды. 

Оның айтуынша, әнші келінін құдағиының өтініші бойынша ұзатқан екен.

«Аллаға шүкір, бүгін келінімізді аман-есен шаңырағымызға түсірдік. Құдағиым Лиза «келінді өзіңіз ән айтып алып кетсеңіз» деп өтінген соң, соны орындадым. Баршаңызға жылы тілектеріңіз үшін рақмет», – деп жазды әнші.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Жазира Байрбек (@zhazira_bairbekova)

 

 

Әншінің бұл жазбасына желі қолданушылары түрлі пікір қалдырды.

«Енесі өзі ұзатып алғанды бірінші рет көріп тұрмын», «Енесі келінін ұзатып шығарғаны бұл қай жақтың салт дәстүрі?» «Естімеген елде көп деген осы екен ғой», «Енесі ұзатып жатыр ма ? Ерсі екен», «Дұрыс емес, басқа адам жоқ па, қазақтың салтын бұзып» деген пікірлер жазылған.