Желі қолданушылары бұған түрлі пікір білдіріп жатыр.
«Пешенесіне байланысты...»: Сәкен  Майғазиевтің жұбайы екінші әйел алуға қатысты ойын айтты (видео)
183
оқылды

Әнші Сәкен  Майғазиевтің жұбайы Динара Майғазиева күйеуінің екінші әйел алуына қалай қарайтынын айтты, – деп жазды Aikyn.kz.

Әншінің жұбайы бұл адамның тағдыр жолына байланысты деп санайды.

"Жақсы сұрақ. Бұл негізі екі жақтан да емес, пешенесіне байланысты болады ғой. Үлкен кісілер пешенеге байланысты деп айтып отырады. Алла жазса, әйел адам қалай ма, қаламай ма бәрібір маңдайына жазылғанын көреді. Ағаң мен алып бермей алмайды ғой", - дейді Динара Майғазиева.

Желі қолданушылары бұған түрлі пікір білдіріп жатыр.

"Ешқандай пешене емес, адамның өзіне байланысты. Алла тағала пиғылына береді", "Абайлап сөйлеу керек-ау, менен ешқайда кетпейді дегендер де кетіп қалды ғой", "Күліп тұрып, бауыздамай сояды ғой", "Қандай сұлу әйел, күлкісі де, қылығы да", деп жазды оқырмандар.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.