Рейстер аптасына екі рет Airbus A330 әуекемесімен орындалады.
Вьетнамнан Чехияға жаңа әуе бағыты ашылады
Фото: gov.kz
131
оқылды

11 шілдеден бастап вьетнамдық  VietJet Air  әуе компаниясы әуе еркіндігінің бесінші дәрежесі құқығын пайдалана отырып, Ханой – Алматы – Прага бағыты бойынша жаңа әуе бағытын ашуды жоспарлап отыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Аталған рейстер Қазақстандағы «ашық аспан» режимі аясында жүзеге асады. Бұл режим халықаралық әуе қатынасын дамытуға және шетелдік әуе тасымалдаушыларды тартуға көбірек мүмкіндік береді. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі жаңа бағыттар ашу және қолданыстағы әуе бағыттары бойынша рейстер санын көбейту жұмыстарын тұрақты жүргізіп келеді.

Рейстердің қосылуы туристік, іскерлік және гуманитарлық байланыстардың дамуына, сондай-ақ Қазақстанның Вьетнам және Чехиямен ынтымақтастығын нығайтуға ықпал етеді.

Сонымен қатар  бұл бағыт Қазақстанның Азия мен Еуропа арасындағы маңызды транзиттік ел ретіндегі рөлін күшейтіп, халықаралық әуе маршруттары желісінің одан әрі дамуына ықпал етеді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.