Наурызнама онкүндігі аясында Ұлттық академиялық кітапханада «Nomad Style Show» ұлттық фестивалі ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Іс-шараға Астана қаласындағы этномәдени бірлестіктердің өкілдері қатысты.

Мәдениет және ақпарат министрлігі мәліметінше, қатысушылар дәстүрлі киімдер мен халықтардың мәдени ерекшеліктерін таныстырды. Қазақ, орыс, поляк, беларусь, татар, өзбек және басқа да этностардың ұлттық киімдері көрсетілді.

Сондай-ақ қатысушылар халықтардың әдет-ғұрыптары мен дәстүрлерімен танысып, ұлттық әндерді тыңдап, би қойылымдарын тамашалады. Бұл іс-шара мәдени әртүрлілікті дәріптеп, ұлттық мұраны сақтауда маңызды алаңға айналды.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.