Жолды 2026 жылғы 13 наурыз сағат 09:00-де ашу жоспарланған.
Қолайсыз ауа райы: екі облыста жол жабылды
Фото: istockphoto.com
192
оқылды

ҚазАвтоЖол екі облыста көлік қозғалысына шектеу қойылғанын мәлім етті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

2026 жылғы 12 наурыз сағат 20:00-де ауа райының бұзылуына байланысты келесі республикалық маңызы бар автожолдарда көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу енгізіледі. 

Ақтөбе облысы: 

- «Қостанай – Рудный – Денисовка – Комсомольское – Қарабұтақ» автожолының 89-234 шақырым аралығы (Т.Жүргенов ауылы – Қостанай облысының шекарасы). 

Қостанай облысы:

 - «Қостанай – Рудный – Денисовка – Комсомольское – Қарабұтақ» автожолының 234-455 шақырым аралығы (Ақтөбе облысының шекарасы – Тобол ауылы). 

Жолды 2026 жылғы 13 наурыз сағат 09:00-де ашу жоспарланған.

1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.