Бұл туралы қалалық Білім басқармасы мәлім етті.
Ертең Астанада бірінші ауысымдағы оқушылар мектепке бармайды
Фото: istockphoto.com
134
оқылды

Ертең Астанада оқушылар мен студенттер онлайн оқиды, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Бұл туралы қалалық Білім басқармасы мәлім етті. Басқарма мәліметінше, ауа райына байланысты осындай шешім қабылданып отыр.

«2026 жылғы 12 наурыз күні ауа райының қолайсыздығына (желдің күшеюіне ) байланысты бірінші ауысымның 0-11 (12)сынып оқушылары және колледждердің 1-2 курстың студенттері (9 сынып базасында) қашықтан оқыту форматына ауыстырылады», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, бүгін де оқушылар мен студенттер ауа райына байланысты қашықтан оқыды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM  арнасынан табасыз.