Жолды 2026 жылы 10 наурыз сағат 09:00-да ашу жоспарланған.
Қолайсыз ауа райы: Ақтөбе және Қызылорда облысында жол жабылды
Фото: istockphoto.com
97
оқылды

ҚазАвтоЖол екі облыста көлік қозғалысына шектеу қойылғанын мәлем етті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

2026 жылғы 9 наурыз сағат 19:15-те ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар келесі автожолда жүк және қоғамдық көлік түрі үшін қозғалысқа шектеу енгізіледі: 

Ақтөбе облысы: 

- «РФ шекарасы — Мәртөк — Ақтөбе — Қарабұтақ — Қызылорда — Шымкент — Тараз — Қордай — Алматы — Қорғас — ҚХР шекарасы» автожолының 965 — 1240 шақырым аралығы (Қарабұтақ ауылы — Қызылорда облысының шекарасы). 

Қызылорда облысы: 

- «РФ шекарасы — Мәртөк — Ақтөбе — Қарабұтақ — Қызылорда — Шымкент — Тараз — Қордай — Алматы — Қорғас — ҚХР шекарасы» автожолының 1240 — 1362 шақырым аралығы (Ақтөбе облысының шекарасы — Арал қаласы). 

Жолды 2026 жылы 10 наурыз сағат 09:00-да ашу жоспарланған. 

1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.