Өнер иесі күйеуі өзіне ғана емес, жақындарына сыйлық бергенін айтқан болатын.
«Жүрегіме батты...»: Ерке Есмахан мерекеде танымайтын жанға бриллиант сыйлады
538
оқылды

Әнші Ерке Есмахан әлеуметтік желіде мерекеге сыйлық алмаған оқырманына тосынсый жасады, – деп жазды Aikyn.kz.

Өнер иесі күйеуі өзіне ғана емес, жақындарына сыйлық бергенін айтқан болатын. Мұны көрген оқырманы басындағы жағдайды айтып, ренішін жеткізген.

"Жақсы жар жолыққан қандай жақсы, бақыттысыз! Бүгін мерекеге алтын алқа сұраймын деп қатты ауыр сөздер естіп, жүрегім ауырып отыр", - деп жазды желі қолданушысы.

Оның хаты жүрегіне батқан әнші оған бриллиант сыйға беретінін айтып, көңілін көтерді.

"Қыздарым, барлықтарыңызға бақытты сәттеріңіз көп болуын тілеймін. Мейрамда да, қарапайым күндерде де өміріңізді қуанышқа толтырып жүретін қастарыңызға нағыз ер жігітті де тіледім. Мына қыздың хаты жүрегіме батты. Сол үшін алтын емес, бриллиант набор менің атымнан болсын деп сүйіншілетейін. Ал күйеуіңіз келесі 8 мартқа керемет сыйлық алып беретініне күмәнім жоқ. Ренжіспей, бақытты болыңыздар", - деп жазды Ерке Есмахан.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.