Сауд Арабиясының ресми ақпарат агенттігі елдің Азаматтық қорғаныс қызметіне сілтеме жасап хабарлауынша, соққы Эль-Хардж провинциясының орталық бөлігіндегі тұрғын үй кешеніне тиген.
Сауд Арабиясында тұрғын үйге түскен снарядтан екі адам қаза тауып, 12 адам жарақат алды
105
оқылды

Сауд Арабиясында тұрғын үйге түскен снаряд салдарынан екі адам қаза тауып, 12 адам жарақат алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Сауд Арабиясының ресми ақпарат агенттігі елдің Азаматтық қорғаныс қызметіне сілтеме жасап хабарлауынша, соққы Эль-Хардж провинциясының орталық бөлігіндегі тұрғын үй кешеніне тиген.

Қаза болғандар Үндістан мен Бангладеш азаматтары екені анықталды.

Ресми мәлімдемеде тұрғын үйлер орналасқан аудандарға жасалған шабуылдардың халықаралық гуманитарлық құқық нормаларына қайшы келетіні айтылған.

 

Ал оқ-дәрінің нақты түрі туралы әзірге ақпарат берілген жоқ.