Бұл дисциплинада Қазақстан құрамасы сапынан Надежда Морозова өнер көрсетті.
Конькимен жүгіруші Надежда Морозова Нидерландтағы әлем чемпионатында үздік ондыққа енді
124
оқылды

Нидерландтың Херенвен қаласында конькимен жүгіруден классикалық көпсайыс бойынша әлем чемпионаты аяқталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Бұл дисциплинада Қазақстан құрамасы сапынан Надежда Морозова өнер көрсетті.

Отандасымыз 500 метр қашықтықта үшінші болды. Одан кейін 3 000 метрде оныншы болып мәреге жетті.

1 500 метрде Морозова алтыншы орын алып, 24 қатысушының ішінен үздік сегіздікке енді. Осылайша, ол 5 000 метр қашықтықта жарысуға мүмкіндік алды.

5 000 метрде Морозова жетінші орынға тұрақтады. Нәтижесінде, ол әлем чемпионатын да жетінші орынмен аяқтады (160.435 ұпай).

Алтын медальді норвегиялық Рагне Виклунд (157.457) жеңіп алды. Нидерланд спортшысы Марейке Груневауд екінші орынға ие болды (158.086). Жапониялық Михо Такаги үздік үштікті түйіндеді.

Айта кетейік, көпсайыста ең аз ұпай жинаған спортшы жеңімпаз атанады.