Ол жазбасында Төреғали Төреәлінің тұңғыш қызы Кәусар туралы айтып өтті.
«Екеуміз армандаған күндерге жетеміз!»: Төреғали Төреәлінің қарындасы желіде жүрекжарды жазба қалдырды
688
оқылды

Әнші Төреғали Төреәлінің қарындасы Дина Төреәлі әлеуметтік желідегі парақшасында әсерлі жазба жариялап, көпшіліктің ықыласына бөленді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Ол жазбасында Төреғали Төреәлінің тұңғыш қызы Кәусар туралы айтып өтті.

«Кәусарым туғаннан бері екеуміздің арамызда ерекше байланыс бар. Мен тұрмысқа шыққанға дейін Қызылордада бірге ем-домға барып жүрдік. Түрлі фотосессия жасап, күнде бірге қыдыратын едік. Кәусар сол күндерді қатты сағынатынын жиі айтады.

“Сен аяққа тұрғанша қасыңнан кетпеймін” деп берген уәдемде тұра алмағаным үшін тәтеңді кешірші, ботам. Алланың жазғаны мен қалауы басқа болды. Бірақ мен шын жүрегіммен бір жақсылыққа сенемін. Екеуміз армандаған күндерге әлі де жетеміз деп үміттенемін.

Алла ерекше балаларға мейірімін төксін. Барлық бала сап-сау болып, бұл әлемде ауыратын балапандар болмаса екен деп тілеймін…», – деп жазды Дина Төреәлі.