Әнші Димаш Құдайберген Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровқа қандай көлік сыйлағаны белгілі болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Мәнерлеп сырғанаудан отыз екі жылдан кейін Олимпиаданың тарихи алтынын жеңіп алған спортшыға Hyundai Palisade автокөлігі табыс етілді.
Бұған дейін Димаш әлеуметтік желіде Шайдоровты жеңісімен құттықтап, көлік сыйлайтынын айтқан еді.
«Мишабай, бауырым, Олимпиада алтыны құтты болсын! Ағаң Дениске, халқыңа берген сертіңді орындадың. Мұз үстіндегі болашағың жарқын, шабытқа толы болсын. Талантпен әлемді бағындыра бер! Олимпиадада менің орындауымдағы әнді таңдағаның да қуантты. Саған темір тұлпар сыйлаймын», – деген еді Димаш.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.