Кең ауқымды аязды антициклон Қазақстанның басым бөлігінде өз ықпалын сақтайды, температуралық фонда айтарлықтай өзгерістер күтілмейді, – деп хабарлайды Aikyn.kz "Қазгидромет" РМК болжамына сәйкес.
Ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады деп болжанады. Тек оңтүстік өңірлерде жауын-шашын күтіледі, кей жерлерде жауын-шашын мол болуы мүмкін, негізінен жаңбыр түрінде. Сондай-ақ жел күшейіп, көктайғақ құбылыстары байқалады.
Кезеңнің соңында оңтүстік облыстарда ауа температурасы түнде 10-17 градус аязға дейін төмендейді, Түркістан облысында 2-10 градус аяз болады. Күндіз 2-12 градус аяз, ал Түркістан облысында 2-7 градус жылы күтіледі. Республика бойынша тұман күтіледі.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.