77-ші «Странджа» турнирінің кешкі сессиясын жастар арасында әлем чемпионы Санжарали Бегалиев түйіндеді.
«Странджа» турнирі: Қазақстан боксшыларының нәтижесі қандай?
Фото: ҚР ҰОК
86
оқылды

23 ақпан күні Болгария астанасы Софияда 77-ші «Странджа» турнирінің кешкі сессиясын жастар арасында әлем чемпионы Санжарали Бегалиев түйіндеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

80 келідегі отандасымыз 1/16 финалда Бразилия өкілі Кауэ дос Сантос Белинимен жолықты. 

3 раундқа жалғасқан бразилиялық боксшы өз айласын асырып кетті. Есеп: 0:5. 

Бокс федерациясы мәліметінше, осылайша, Болгариядағы бәсекенің бірінші күнінде 10 отандасымыздың бесеуі келесі айналымға өтті.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.