ҚазАвтоЖол бірнеше облыста көлік қозғалысына шектеу қойылғанын мәлім етті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
2026 жылғы 23 ақпан сағат 22:00-де ауа райының бұзылуына байланысты келесі автожолдарда барлық автокөлік түрі үшін қозғалысқа шектеу енгізіледі:
Абай облысы:
- «ҚХР шекарасы — Майқапшағай — (Зайсанды айналып өту) — Қалбатау — Семей — Павлодар — РФ шекарасы (Урлютөбе БӨП)» автожолы, км 756 — 906 (Семей қаласынан — Қалбатау ауылына дейін);
- «Өскемен — Семей» автожолы, км 103 — 198 (Шығыс Қазақстан облысы шекарасынан — Семей қаласына дейін);
- «Семей — Қайнар» автожолы, км 8 — 284 (Семей қ. — Қайнар ауылы);
Шығыс Қазақстан облысы:
- «Өскемен — Семей» автожолы, км 12 — 103 (Қазачье ауылы бұрылысынан — Абай облысы шекарасына дейін);
Жолды 2026 жылғы 24 ақпан сағат 06:00-де ашу жоспарланған.
1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.
Сонымен қатар бүгін, 23 ақпан сағат 23:00-де ауа райының бұзылуына байланысты жүк және қоғамдық көлік түрлері үшін келесі автожолдарда қозғалысқа шектеу енгізілді:
Ақмола облысы:
- «Көкшетау — Рузаевка» автожолы, км 0–61 (Көкшетау қаласынан — Солтүстік Қазақстан облысының шекарасына дейін);
- «Көкшетау — Кішкенекөл — Бидайық — РФ шекарасы» автожолы, км 2–50 (Көкшетау қаласынан — Солтүстік Қазақстан облысының шекарасына дейін);
- «Көкшетау қаласын айналып өту (Әуежайға кіреберіс)» автожолы, км 0–18 (Көкшетау қаласына дейін);
- «Щучинск — Зеренді» автожолы, км 0–77 (Щучинск қаласынан — Зеренді ауылына дейін);
- «Көкшетау — Атбасар» автожолы, км 0–184 (Көкшетау қаласынан — Атбасар қаласына дейін);
- «Макинск — Ақсу — Торғай» автожолы, км 0–240 (Макинск қаласынан — Торғай ауылына дейін);
- «Астана — Петропавл» автожолы, км 18–341 (Астана қаласынан — Солтүстік Қазақстан облысының шекарасына дейін);
- «Астана — Атбасар — Жақсы — Рузаевка — Сарыкөл — Қостанай — РФ шекарасы» автожолы, км 16–407 (Астана қаласынан— Солтүстік Қазақстан облысының шекарасына дейін);
Солтүстік Қазақстан облысы:
- «Астана — Көкшетау (айналма жол арқылы) — Петропавл — РФ шекарасы (Жаңа жол БӨП)» автожолы, км 341–473, 492–522 (Ақмола облысы шекарасынан — Бескөл ауылы — РФ шекарасына дейін);
- «Астана — Атбасар — Жақсы — Рузаевка — Сарыкөл — Қостанай — РФ шекарасы (Қайрақ БӨП)» автожолы, км 729–856 (Қостанай облысы шекарасынан — Ақмола облысы шекарасына дейін);
- «Жезқазған — Арқалық — Петропавл» автожолы, км 595–946 (Ақмола облысының шекарасынан — Бескөл ауылына дейін);
- «Көкшетау — Кішкенекөл — Бидайық — РФ шекарасы (Бидайық БӨП)» автожолы, км 50–280 (Ақмола облысы шекарасынан — РФ шекарасына дейін);
- «Көкшетау — Рузаевка» автожолы, км 61–196 (Ақмола облысы шекарасынан — Рузаевка ауылына дейін);
- «Қостанай — Мамлютка» автожолы, км 226–406 (Қостанай облысы шекарасынан — Мамлютка қаласына дейін);
- «Петропавл — Соколовка — РФ шекарасы (Қызыл Жар БӨП)» автожолы, км 11–73 (Петропавл қаласынан — РФ шекарасына дейін);
- «Петерфельд — Архангельское — Новокаменка — Жезқазған — Арқалық — Петропавл автожолына шығу», км 0–31 (Петерфельд ауылынан — Новокаменка ауылына дейін);
- «Булаево — Возвышенка — Молодогвардейское — Кирово — Киялы — Рощинское» автожолы, км 0–228 (Булаево қаласынан — Рощинское ауылына дейін);
- «Рощинское — Корнеевка — Волошинка» автожолы, км 0–87 (Рощинское ауылынан — Волошинка ауылына дейін);
- «Волошинка — Сергеевка — Тимирязево» автожолы, км 0–119 (Волошинка ауылынан — Тимирязево ауылына дейін);
- «Қарасай батыр мемориалдық кешеніне кіреберіс» автожолы, км 0–24; - «Тимирязево — Сарыкөл — Қостанай облысы шекарасы» автожолы, км 0–32 (Тимирязево ауылынан — Қостанай облысының шекарасына дейін);
- «РФ шекарасы (Қарақоға БӨП) — Петропавл» автожолы, км 0–120 (РФ шекарасы — Петропавл қаласына дейін);
Жолды ашу 2026 жылғы 24 ақпан сағат 08:30-ға жоспарланған.
1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.