Жолды 2026 жылғы 21 ақпан сағат 08:00-де ашу жоспарланған.
Қостанай облысында жол жабылды
Фото: istockphoto.com
85
оқылды

ҚазАвтоЖол Қостанай облысында көлік қозғалысына шектеу қойылғанын мәлім етті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бүгін, 20 ақпан сағат 22:00-де ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар келесі автожолдарда жүк және қоғамдық көлік түрі қозғалысына шектеу енгізілді: 

- «Астана-Атбасар-Жақсы-Рузаевка-Сарыкөл-Қостанай-РФ шекарасы» автомобиль жолының 555-682 шақырым аралығындағы учаскесі (Тобыл қаласынан Сарыкөл елді мекеніне дейін); 

- «Мәмлүт-Қостанай» автомобиль жолының 250-402 шақырым аралығындағы учаскесі (Тобыл қаласынан Ұзынкөл елді мекеніне дейін); 

Жолды 2026 жылғы 21 ақпан сағат 08:00-де ашу жоспарланған. 

1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.