Әнші гастрольдік сапарларының бірінде түсірілген видеосын желідегі парақшасында жариялады.
"Қайдағыны еске түсіріп...": Мөлдір Әуелбекова сахнада жылап қалды (видео)
137
оқылды

Әнші Мөлдір Әуелбекова сахнада «Арман алдамайды» әнін орындап жатқанда көз жасына ерік берді, – деп жазды Aikyn.kz.  

Әнші гастрольдік сапарларының бірінде түсірілген видеосын желідегі парақшасында жариялады. Өнер иесі ән айтып жатқанда өміріндегі естеліктер есіне түсіп, эмоциясын жасыра алмаған.

«Сезім сиқыр. Қайдағы жоқты еске түсіріп», – деп жазды әнші.

Желі қолданушыларының бірі әншіге қолдау білдірсе, енді бірі сахнада жылаған дұрыс емес екенін айтып, эмоциясын ұстай білуі керек деген пікір білдірген.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM  арнасынан табасыз.