Күдікті баланың құлағын бұрап, күш қолданған. Бұл туралы баланың туған әкесі сотқа арыз түсірген.
Рудныйда 9 жастағы баласына күш көрсеткен өгей әкеге жаза тағайындалды
174
оқылды

Қостанай облысы, Рудный қалалық соты кәмелетке толмағанға қатысты күш қолдану әрекеттерін жасаған азамат Г-ға қатысты қылмыстық істі қарады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Күдікті баланың анасымен бірге тұрған. Бала 2017 жылы туған. Күдікті баланың құлағын бұрап, күш қолданған. Бұл туралы баланың туған әкесі сотқа арыз түсірген.

Сотта азамат Г. өз кінәсін толық мойындап, жасаған әрекетіне өкінетінін айтты.

Жаза тағайындау кезінде сот оның бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылмағанын, бірақ қоғамдық тәртіпті бұзғаны және тұрмыстық саладағы құқық бұзушылықтары үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын, сондай-ақ тұрғылықты жерінен теріс мінездеме алынғанын ескерді.

Сот барлық мән-жайды ескере отырып, оған 100 сағат қоғамдық жұмыстарға тарту жазасын тағайындады.

Сонымен қатар баланың тұру және тәрбиелену жағдайларын тексеру үшін сот қорғаншылық және қамқоршылық органына жеке қаулы шығарды.