ҚазАвтоЖол екі облыста көлік қозғалысына шектеу қойылғанын мәлім етті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Бүгін, 18 ақпан сағат 21:00-де ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар автожолдарда барлық көлік түрінің қозғалысына шектеу енгізіледі:
Ұлытау облысы:
- «Қызылорда — Жезқазған — Қарағанды — Шідерті» автожолының 216 — 424 шақырым аралығы (Қызылорда облысының шекарасынан — Жезқазған қаласына дейін).
Қызылорда облысы:
- «Қызылорда — Жезқазған — Қарағанды — Шідерті» автожолының 12 — 216 шақырым аралығы (Қызылорда қаласынан — Ұлытау облысының шекарасына дейін). Жолды 2026 жылғы 19 ақпан сағат 08:00-де ашу жоспарланған.
1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.