Желі қолданушылары Гүлзира Айдарбекова мен Жұлдыз Әдікәрімованы бірге көргеніне қуанып, ақ тілегін арнады.
Гүлзира Айдарбекова қуанышты жаңалығын жариялады (видео)
97
оқылды

Продюсер Гүлзира Айдарбекова ұлы Қайрат пен келіні Жұлдыздың шаңырағында болып, қуанышты жаңалығын жариялады, – деп жазды Aikyn.kz. 

Продюсер ұлы мен келінінің жаңа пәтерін көріп, қоныстойға барғанын жеткізген. Сонымен қатар балаларына бақыт тіледі.

"Қайрат пен Жұлдыздың шаңырағына қоныстойының бастамасы болсын деп, келініміз әулеттегі үлкендерден бата алып, мәре-сәре болып қайттық. Әппақ шаңырақтары берекеге толы, көңілдері әрқашанда аппақ қардай тап-таза болып, үміт артқан ұл-қыздары бақытқа жеткізсін! Алла ұрпағымызбен қуанышқа бөлеп, құдаларымыз мың жылдық құда болуын қабыл етіп, ең бастысы, төрт көзіміз түгел болсын!", - деп жазды ол. 

Желі қолданушылары Гүлзира Айдарбекова мен Жұлдыз Әдікәрімованы бірге көргеніне қуанып, ақ тілегін арнады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.