Әнші әзілкештің жеке өміріне қатысты ойын тұспалдап жеткізді.
«Тірі кезде жақсы адам деп айтайық...»: Тоқтар Серіков Тұрсынбек Қабатовқа қолдау білдірді (видео)
280
оқылды

Әнші Тоқтар Серіков Тұрсынбек Қабатовтың жеке концертінде сахнаға шығып, халыққа тілегін айтты, – деп жазды Aikyn.kz.

Әнші әзілкештің жеке өміріне қатысты ойын астарлап жеткізді. Сонымен қатар адам көзі тірі кезінде бір-бірін бағалауы маңызды екенін атап өтті.

"Ондай әңгімелер кейбір ағайынның жүрегіне ыңғайсыз тиіп жатқанын білемін. Өзіміз жақсы көреміз, өзіміз өсек қыламыз, өзіміз жаралаймыз. Жарасынан қаны аққан кезде қайтып танып, емдеп аламыз. Бұл қазақтан басқа халықта жоқ қасиет. Өздеріңіз жаралап алған үлкен құстың жарақатын қайтадан өздеріңіз жазыңыздар. Мені де дымымды қалдырмай жазып жатады "қатынын мақтай береді" деп. Жалғыз маңдайға біткен бір қатыным, не істеймін енді? Өлгеннен кейін емес, тірі кезімізде бір-бірімізге жақсы адам деп айтайық. Молдалар сұрайды ғой, жаназада, «Жақсы адам болды ма?» деп. Сол кезде «Жақсы адам еді» деп айтамыз. Соны тірі кезімізде айтайық, - дейді әнші. 

Желі қолданушылары оның көрегендігіне риза болып, жылы лебізін білдірді.

«Артық сөз айтпай түсіндірді», «Жаным Тоқтар аға, аман болыңызшы», «Өте ақылды азамат», «Айтқаныңыз орынды әрине, бірақ Мөлдірді жылатқаны дұрыс емес», «Жақсы жеткізді», - деп жазды желі қолданушылары.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.