1986 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген.
ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі тағайындалды
Фото: Үкімет
240
оқылды

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Таласбек Қанафин ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

1986 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін бітірген.

Еңбек жолын 2008 жылы Астана қаласында «Астықжан-Қарағанды» ЖШС-нің жүйелік әкімшісі болып бастаған. 

2009 жылдан 2016 жылға дейін «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ құрылымында бас маманнан бастап жетекші инженер, жоба жетекшісіне дейін әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеді.

2017–2019 жылдары — ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің «Резерв» ШЖҚ РМК Ақпараттық технологиялар бөлімінің бастығы, бас директорының орынбасары.

2019–2024 жылдары — ҚР Сыртқы істер министрлігінің құрылымында Әкімшілік жұмыс және бақылау департаменті басшысы орынбасарының міндетін атқарушыдан бастап Цифрландыру департаменті директорының орынбасарына дейінгі әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеді.

2020 жылдың ақпан айынан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Сыртқы істер министрлігінің Цифрландыру департаментінің директоры қызметін атқарды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM   арнасынан табасыз.