Финалдық кезеңге өту үшін үздік ондыққа ену қажет еді.
Олимпиада-2026: Қазақстандық могулшы финалға жолдама алды
Фото: Тұрар Қазанғапов, Қазақстан ҰОК
160
оқылды

Фристайл-могулдан Қазақстан құрамасының өкілі Павел Колмаков Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы Олимпиаданың іріктеу кезеңінен сәтті өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Финалдық кезеңге өту үшін үздік ондыққа ену қажет еді. Ал қалған спортшылар екінші іріктеу кезеңінде бақ сынайды.

ҚР ҰОК мәліметінше, Павел Колмаков 9-орынға тұрақтады. Осылайша ол финалдық кезеңге жолдама алды.

Айта кетейік, 10 ақпанда әйелдер арасында іріктеу жарысы да өтті. Сайыс Астана уақытымен 18:15-те басталды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.