Жарыстың алғашқы күнінде Қазақстан құрамасы бір жүлдеге қол жеткізді.
Парижде өтіп жатқан дзюдодан Grand Slam турнирінде Аман Бақытжан қола медаль жеңіп алды
794
оқылды

Францияның Париж қаласында дзюдодан Grand Slam санатындағы турнир басталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты. 

Жарыстың алғашқы күнінде Қазақстан құрамасы бір жүлдеге қол жеткізді.

60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Аман Бақытжан финалдық кезеңге дейін жақындады. Ол алғашқы айналымдардан сәтті өтіп, жартылай финалға жолдама алды. Алайда финалға шығу үшін өткен белдесуде украиналық Дильшот Халматовқа жол берді.

Қола жүлде үшін өткен белдесуде Бақытжан кубалық Джонат Чаронды жеңді.