Пәкістанның қауіпсіздік органдары бірнеше орынға рейд жүргізіп, төрт күдіктіні ұстады.
Пәкістанда мешіттегі жарылысты ұйымдастырды деген күдікпен төрт адам ұсталды
257
оқылды

Пәкістанда мешіттегі жарылысты ұйымдастырды деген күдікпен төрт адам ұсталды. Жарылыстың салдарынан ел астанасы Исламабадта 31 адам қаза тапқан, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты KSAT.com-ға сілтеме жасап.

Пәкістанның қауіпсіздік органдары бірнеше орынға рейд жүргізіп, төрт күдіктіні ұстады. Солардың бірі астана шетіндегі мешіттегі жанкешті жарылыстың ұйымдастырушысы болуы мүмкін. Бұл туралы Пәкістанның ішкі істер министрі Мохсин Накви мәлімдеді.

 

Министрдің айтуынша, күдікті – Ауғанстан азаматы және ИГИЛ ұйымымен байланысы бар. Жарылыс алдын ала жоспарланған, ал жанкешті Ауғанстанда дайындықтан өтіп, оған Үндістан тарапынан қаржылай қолдау көрсетілген деген болжам бар. Дегенмен, бұл мәлімдемелерге нақты дәлелдер көрсетілмеген. Әзірге Нью-Дели мен Кабулдан ресми комментарий түскен жоқ.