Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы және егемендіктің иесі Қазақстан халқы екені нақты көрсетіледі.
Гүлнар Орақова: Реформаның мақсаты — әділетті, ашық және халық мүддесіне қызмет ететін мемлекет құру
фото: Конституциялық соттың баспасөз қызмет
94
оқылды

Қазақстанда Конституцияны жаңарту бағытындағы маңызды реформалар жүзеге асырылуда деп саналады. Бұл туралы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың География және табиғатты пайдалану факультеті  метеорология және гидрология кафедрасының аға оқытушысы Гүлнар Орынбасарқызы Орақова мәлімдеді.

– Өзгерістер елдің саяси жүйесін жетілдіруге және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын күшейтуге бағытталған. Реформаның негізгі бағыттары:

• Адам құқықтары мен азаматтық бостандықтарды қорғауды күшейту;

• Билік тармақтары арасындағы өкілеттіктерді қайта бөлу;

• Азаматтардың ел басқару ісіне қатысуын кеңейту

Ал Реформаның басты мақсаты  әділетті, ашық және халық мүддесіне қызмет ететін мемлекет құру.

Алғаш рет Конституция деңгейінде әділеттілік, заң мен тәртіп, сондай-ақ табиғатқа жауапкершілікпен қарау қағидаттары бекітіледі. Сонымен қатар  мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы және егемендіктің иесі Қазақстан халқы екені нақты көрсетіледі.

Негізгі заңның жаңа мәтінінде білім мен ғылым, мәдениет пен инновациялар мемлекет дамуының басым бағыттары ретінде айқындалған. Құжатта мемлекеттің болашағы минералдық ресурстар мен табиғи байлықтарға емес, адам капиталы мен азаматтардың жетістіктеріне байланысты екені аталды, – деді ол.