Қазақстан шорт-тректен АҚШ-тың Солт-Лейк-Сити қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында екінші медальға қол жеткізді.
Шорт-тректегі бір белес
129
оқылды

Бұл жолы ұлттық құрама қоржынына жүлдені Богдан Вехов салды. Отандасымыз 1 мың метр қашықтықта сәтті өнер көрсетті. Вехов 1:24.177 уақыт көрсеткішімен мәре сызығын кесіп, қола жүлдегер атанды.

Алтын медальді Оңтүстік Корея өкілі Пак Соджун (1:23.802) жеңіп алса, күміс жүлде Қытай спортшысы Юйхэн Лиге (1:23.903) бұйырды.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан әйелдер құрамасы эстафеталық жарыста үшінші орынға ие болған еді.

Әсет ҚАЛИ