Азаматтарды заңсыз қаржылық схемаларға тарту және қысым көрсету әрекеттерінің барлығы заң аясында қатаң түрде тоқтатылады.
«Жәбірленушіге психологиялық қысым көрсеткен»: Жетісуда дропперлікпен айналысқан үш жігіт ұсталды
298
оқылды

Жетісу облысында Киберполиция қызметкерлері азаматты банктік шоттар ашуға мәжбүрледі деген күдікпен 19-22 жас аралығындағы үш жас жігітті ұстады,  деп хабарлайды Aikyn.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша, күдіктілер өзара келісіп әрекет еткен және жәбірленушіге психологиялық қысым көрсеткен. Қазіргі уақытта күдіктілер қамауға алынды, тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Құқық қорғау органдары ескертеді: дроп-схемаларға қатысу және банк деректерін үшінші тұлғаларға беру қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады.

Азаматтарды заңсыз қаржылық схемаларға тарту және қысым көрсету әрекеттерінің барлығы заң аясында қатаң түрде тоқтатылады.