Марқұмның туыстары да ел ішінде айтылып жүрген деректердің көпшілігін жалған деп санайтынын жеткізген.
Атырауда жоғалған отбасы ісі: жаңа мәліметтер жарияланды
479
оқылды

Атырау облысында із-түзсіз жоғалып кеткен отбасына қатысты іс әлі де қоғам назарында. Оқиғаға байланысты жаңа мәліметтер жарияланды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты. 

Журналист Жанат Молдашова әлеуметтік желідегі парақшасында Жангелдин ауылында болған қайғылы оқиғаға қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, соңғы 20 күннен астам уақыт ішінде әлеуметтік желілерде түрлі бейресми әрі жантүршігерлік ақпараттар тарағанымен, олардың шынайылығын нақтылау әзірге мүмкін болмай отыр. Марқұмның туыстары да ел ішінде айтылып жүрген деректердің көпшілігін жалған деп санайтынын жеткізген.

Журналистің жазуынша, Наурыз, Мейрамгүл, Ақбаян және күдікті Сұлтан Сәрсемалиевті іздеу жұмыстары тоқтаған жоқ. Осы мәселеге байланысты ол Атырау облыстық прокуратурасына да сауал жолдаған. Ведомство өкілдерінің мәліметінше, Жангелдин ауылындағы қылмыс болды делінген үй толықтай екі рет тінтілген, соңғы тексеріс өткен аптада жүргізілген.

– «Неге құзырлы органдар үнсіз?» деп күні-түні жазып жатқандар бар. Бұл қанды қылмысқа қатысты ресми мәлімдеме жарияланса, міндетті түрде бөлісемін. Кейде мұндай істер жылдар бойы тергелуі мүмкін. Сондықтан сәл күтейік. Күдікті қолға түссе, барлығы белгілі болады», – деп жазды журналист.