Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістанның премьер-министріне құттықтау жолдады
672
оқылды

Мемлекет басшысы премьер-министр Нарендра Модиға Үндістанның Республика күніне байланысты құттықтау жеделхатын жолдады,  деп хабарлайды Aikyn.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Қазақстан Президенті құттықтауында премьер-министрдің дана басшылығының арқасында Үндістан сенімді түрде алға қарай қадам басып, экономиканы дамытуда және азаматтардың тұрмыс сапасын арттыруда айтарлықтай табысқа жеткенін атап өткен. 

Қасым-Жомарт Тоқаев Нарендра Модидің мемлекеттік қызметіне табыс, ал достас Үндістан халқына бақ-береке тіледі.