Жолды 2026 жылғы 24 қаңтар сағат 07:00-де ашу жоспарланған.
Ауа райы күрт бұзылып, Алматы облысында жол жабылды
Фото: istockphoto.com
519
оқылды

ҚазАвтоЖол Алматы облысында жолда көлік қозғалысына шектеу қойылғанын мәлім етті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

«24 қаңтар сағат 00:30-да ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар «Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы» автожолының 25-67 шақырым аралығындағы учаскесінде (Алматы ақы алу пунктінен Қонаев қаласына дейін) барлық көлік түрінің қозғалысына шектеу енгізіледі», - делінген хабарламада. 

Жолды 2026 жылғы 24 қаңтар сағат 07:00-де ашу жоспарланған. 

1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.