Президент ең басты мәселелерге, атап айтсақ, биліктің тиімділігіне, институттардың жауапкершілігіне және азаматтардың мүддесін шынайы түрде қорғауға баса назар аударды.
Ұлттық құрылтайда өңірлік даму мәселесіне ерекше мән берілді – Бақтияр Мәкен
187
оқылды

V Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысының сөйлеген сөзі – жай ғана саяси баяндама емес, жүйелі әрі саналы реформаларға бағытталған нақты бағыт-бағдарды айқындаған маңызды мәлімдеме.

Президент ең басты мәселелерге, атап айтсақ, биліктің тиімділігіне, институттардың жауапкершілігіне және азаматтардың мүддесін шынайы түрде қорғауға баса назар аударды. 

Парламенттік жүйені реформалау, депутаттардың рөлін күшейту, өңірлерді дамытуға басымдық беру – мұның барлығы бір логикаға бағынады: мемлекет тиімді, жедел жұмыс істеп, халыққа жақын болуға тиіс. Іс жүзінде «депутат-оратор» емес, «депутат-менеджер» керек деген сөз айтылды.

Өңірлік даму мәселесіне де ерекше мән берілді. Қызылорда облысы әкімінің жұмысы мен өңірдің жан-жақты дамуына берілген жоғары баға – бұл жай ғана протоколдық сөз емес, еліміздің барлық өңіріне берілген айқын сигнал. Кешенді даму, жүйелі жұмыс және нақты нәтиже – бүгінде аймақтық саясатта үлгі ретінде қарастырылатын негізгі өлшемдер. 

Экономикалық блокқа да баса маңыз берілді. Жаңа Салық кодексіне көшу мәселесі бизнес пен қоғаммен ашық диалог жүргізу қажеттілігімен қатар айтылды. Бұл – әбден пісіп-жетілген идея: реформалар реформаның өзі үшін емес, экономиканың тұрақты әрі теңгерімді дамуы үшін жүргізілуге тиіс. 

Жалпы алғанда, бұл сөз институционалдық күшті нығайтуға, икемге келетін өзгерістерге және сенімді мемлекеттің негізгі ресурсы ретінде қарастыруға бағытталған векторды айқындап берді. Бұл – дәл қазір елге қажет көшбасшылықтың нақ өзі.

Бақтияр МӘКЕН,

ҚР Ішкі істер органдары қызметі  мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңесінің төрағасы 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.