Мен тек апарып бердім, ішінде не барын білмедім” деу жауапкершіліктен босатпайды.
«Бейтаныс адамның сәлемдемесін апарып бермеңіз»: полиция ескерту жасады
Фото: polisia.kz
128
оқылды

Бейтаныс адамның сөмкесін немесе сәлемдемесін алып жүруге, бір жерге жеткізіп беруге келіспеңіз. Себебі оның ішінде қару-жарақ, есірткі, оқ-дәрі, ұрланған ақша немесе басқа да заңсыз заттар болуы мүмкін. Бұл туралы полициядан мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

“Мен тек апарып бердім, ішінде не барын білмедім” деу жауапкершіліктен босатпайды. Мұндай жағдайда қылмысқа қатысы бар деген айып тағылуы мүмкін. 

«Күмән тудырған кез келген өтінішке сақ болыңыз және бейтаныс адамның затынан бас тартыңыз. Қауіп барын сезсеңіз немесе қысым көрсетілсе, дереу “102” нөміріне хабарласыңыз», - делінген Рolisia.kz хабарламасында.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.