Тағылымдама барысында Оксфорд университетінің жетекші ғалымдарымен ғылыми кеңес алу жұмыстары жүргізілді.
Жетісу университетінің ғалымдары Оксфорд университетінде ғылыми тағылымдамадан өтуде
131
оқылды

2025 жылғы 14-25 желтоқсан аралығында І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті Тарих және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының қауымдастырылған профессоры, тарих ғылымдарының кандидаты Байғабатова Назгүл Қажымұратқызы және оқытушы-дәріскер, философия докторы (PhD) Абдрахим Мирас Еркінұлы Ұлыбританияның Оксфорд университетінде ғылыми тағылымдамадан өтуде, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бұл іссапар Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті қаржыландыратын ЖТН AP26197965 «Посткеңестік Қазақстандағы этникалық репатрианттардың күнделікті өмірі: бейімделу стратегиялары мен интеграциялық тәжірибелері (Жетісу облысының мысалында)» ғылыми жобасы аясында жүзеге асырылуда.

Атап айтқанда, профессор Александер Моррисонмен зерттеу мәселесінің тарихи контексі мен салыстырмалы-тарихи талдау бағыттары бойынша пікір алмасу орын алды. Университетке қарасты Көші-қон, саясат және қоғамды зерттеу орталығының (COMPAS) профессоры Мэдлин Ривз заманауи миграциялық процестер және репатриацияның теориялық модельдерін талдау бойынша кеңестер берді.

Сондай-ақ Жетісу ғалымдары Оксфорд университетінің Бодлиан кітапханасында жоба тақырыбына қатысты шетелдік соңғы ғылыми жарияланымдар, теориялық-әдістемелік тәсілдер мен тұжырымдар бойынша материалдар жинақтау жұмыстарын жүргізуде.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.