Қазгидромет 19 желтоқсандағы жалпы ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Метеорологтардың болжамы бойынша, ел аумағына солтүстік-батыс циклоны ықпал етіп, қар жауып, боран соғады.
19 желтоқсанда еліміздің басым бөлігінде ауа райын солтүстік-батыс циклоны және оған байланысты атмосфералық фронттар айқындайды. Қар жауып, боран соғады, ал елдің батысында жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын жауады.
Сондай-ақ республика аумағында тұман түсіп, көктайғақ болып, жел күшейеді деп болжанып отыр.
Жетісу облысында тұман түсіп, көктайғақ болады және қатты жел соғады.
Атырау және Түркістан облыстарында көктайғақ болып, тұман түседі.
Ұлытау және Қарағанды облыстарында қар жауып, жел және жаяу бұрқасын соғады.
Атырау, Шымкент, Түркістан қалаларында және Қостанай облысында тұман түседі.
Петропавлда, Абай, Шығыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарында қар жауып, боран соғады, тұман түсіп, қатты жел соғады және температура 30-35°C дейін күрт төмендейді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.