Кітап 3 000 дана таралыммен жарық көріп, еліміздегі жалпыға бірдей қолжетімді кітапханаларға таратылды.
Жұмабай Шаштайұлының 4 томдық толық шығармалар жинағы таныстырылды
Фото: gov.kz
405
оқылды

Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Ұлттық академиялық кітапханада Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, көрнекті жазушы Жұмабай Шаштайұлының 4 томдық толық шығармалар жинағының тұсаукесері өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Іс-шарада қаламгердің 75 жылдық мерейтойына орай «Жылдар мен жолдар…» атты иллюстрациялық кітап көрмесі ұйымдастырылды. Сондай-ақ жазушының өмірі мен шығармашылық жолына арналған бейнеролик көрсетіліп, туындыларына шолу жасалды.

Іс-шараға жазушының әріптестері, әдебиеттанушылар, қоғам қайраткерлері, мәдениет және өнер саласының өкілдері, студенттер мен оқырмандар қатысты. Жинақта жазушының жылдар бойы жазған қазақы болмыс, ұлттық құндылық, адамгершілік мәселелері мен өмір шындығы көркем бейнеленген.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.