Белгілі заңгер Мейірман Шекеев бұл істің бұрмаланып жатқанын айтып, шындықты ашуға шақырды.
«Кінәні басқа жаққа аударуға тырысқан»: фельдшер Ұлдана Мырзуанның қазасына байланысты тың дерек тарады
335
оқылды

Астанадағы фельдшер Ұлдана Әділетқызының қазасына байланысты қоғамда үлкен резонанс туып отыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Белгілі заңгер Мейірман Шекеев бұл істің бұрмаланып жатқанын айтып, шындықты ашуға шақырды. Оның мәлімдеуінше, фельдшердің өліміне кондиционер емес, ғимарат қасбетінің кірпіштері себеп болған.

“Істі бұрмалау кімге қажет болған? Бұл сұрақ бәрімізді ойландыруы керек. Оқиға орнына барып, куәлерден жауап алып, барлық деректі жеке зерттегенімде, бір нәрсе анық болды: Ұлдананың қазасы кондиционерден болған жоқ. Шын мәнінде, оның өмірін қиған – ғимараттың қасбетінде тұрған кірпіштердің құлауынан болған”– деп жазды заңгер Мейірман Шекеев әлеуметтік желідегі парақшасында.

Ол бұл оқиғаны кездейсоқтық деп қарастыруға болмайтынын, адам өміріне қауіп төндірген нақты себеп – қауіпсіздік ережелерінің сақталмауы, салғырттық және жауапкершіліктен жалтару екенін айтты.

“Бұл – кездейсоқтық емес. Бұл – қауіпсіздік ережелерінің сақталмауы, салғырттық және жауапкершіліктен қашудың салдары. Біреулер бұл істі жауып, кінәні басқа жаққа аударуға тырысқан сияқты. Бізге жалған ақпарат емес, шындық керек. Біз үнсіз қалмаймыз. Біз Ұлдана үшін, оның отбасына әділдік орнату үшін соңына дейін барамыз. Әділдікке қол жеткіземіз. Шындықты талап етеміз. Сіздердің қолдауларыңыз Әділет бауырымыздың әділеттікке жетуіне септігін тигізеді”, – деді заңгер.