«Ақбөкен» жедел-профилактикалық шарасын өткізу барысында полицейлер орман шаруашылығының шеберімен бірге көлдің маңында жүрген ер адамды байқайды.
«Арнаулы лицензиясы болмаған»: полицейлер қоян аулауға шығып, бірақ қабан атып алған аңшыны ұстады
1,130
оқылды

Ұзынкөл ауданында Ряжское ауылының 30 жастағы тұрғыны орманға қоян аулауға кеткен, алайда үйіне қабанның етімен және полицияның қадағалауымен келген, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

«Ақбөкен» жедел-профилактикалық ішарасын өткізу барысында полицейлер орман шаруашылығының шеберімен бірге көлдің маңында жүрген ер адамды байқайды. Ол жаяу жүріп, жағалаумен ірі аңның денесін сүйреп бара жатқан.

Тексеру барысында оның қабанды өзіне тіркелген мылтығымен атып алғаны анықталды. Аңшы тек қоян ауламақ болғанын, ал қабанды көргенде «жағдайды пайдалануды шешкенін» айтқан. Бірақ бұл «сәт» қылмыстық іске айналды. Оның қабан аулауға арналған лицензиясы болмаған.

Қыркүйектен желтоқсанға дейін өңірде бұл аң түрін аулау маусымы ашық болғанымен, аңшының арнаулы рұқсат құжаттары болуы міндетті. Ондай рұқсатсыз жасалған әрбір оқ заң бұзушылық болып саналады.

Құқық қорғау органдары лицензия рәсімдеуге қойылатын талаптар жай ғана формалды емес, жануарлар популяциясын бақылау мен браконьерлікке қарсы күрестің құралы екенін атап өтті. Енді ер адам заңсыз аң аулау бабымен жауап береді. Бұл оқиға барлық аңшыларға арналған анық ескерту: аңшылыққа шығар алдында барлық құжаттардың дұрыс рәсімделгеніне көз жеткізіңіз, әйтпесе олжа ойлағаннан әлдеқайда қымбатқа түсуі мүмкін.